27.04.2010, 12:07 1580

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде басқа да өңірлік құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейте түспек ниетте - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде басқа да өңірлік құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейте түспек ниетте - Нұрсұлтан Назарбаев

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде басқа да өңірлік құрылымдармен ынтымақтастықты кеңейте түспек ниетте. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық Медиафорумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы ретінде ұжымдық мақсатта, жалпы мүдделер үшін әрекетке дайын және соның ішінде осы ұйымның басқа да өңірлік құрылымдармен ынтымақтастықтығын кеңейту және ықпалдастығы негізіндегі іс-қимылдарға дайын",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті келесі жылы Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төраға болатынын еске салып өтті. "Біз ИКҰ, ЕҚЫҰ мен АӨЫСШКҰ арасындағы диалогты қарқындандыруға талпынатын боламыз. Оларды жақындастыра алсақ, ортақ іске жұмылдыра алсақ, Еуразия құрлығы кеңістігіндегі қауіпсіздік нақтылыққа айналар еді",- деді ол.

"Өздеріңіз білесіздер, біз Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуге бастама көтердік. Ол барлық қатысушы елдер тарапынан қолдау тапты. Біз өз серіктестріміз тарапынан бастамаға қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл жиын 1999 жылғы Стамбулдағы саммиттен кейін өткен жоқ. Мұндай кездесудің өтпеуі ұйым шеңберіндегі тоқыраушылықты болмаса да, ондағы проблемаларды көрсетеді. Біз қазір алдағы кездесуді жоғары деңгейде өткізу үшін бірлесіп күн тәртібін әзірлеп жатырмыз. Онда ең көкейкесті мәселелер талқыланады. Біз ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағындағы ең өзекті мәселелерді, Ауғанстандағы ахуалды, төзімділік мәселелерін талқылауымыз қажет", деді Н. Назарбаев.

"Бүгінгі күні ұйым ХХІ ғасырдағы күрделі ахуалға бейімделуі керек. Қырғиқабақ соғыс дәуірінде дүниеге келген ұйым ретінде ЕҚЫҰ дамудың жаңаша деңгейіне көтеріліп, қазіргі заманғы қауіпсіздікке қатысты жалпы кешенді қамтамасыз ете алатын тиімді құрылымға айнала алады",- деді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны