04.04.2016, 08:51 4236

Қазақстан мен Куба көшбасшылары денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы ынтымақтастықты талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардыӊ тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Куба Мемлекеттік кеӊесініӊ және Министрлер кеӊесініӊ төрағасы Рауль Кастромен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономикалық ықпалдастықты, білім, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы байланыстарды кеӊейту және саяси диалогты жалғастыру арқылы нығайту жолдарын талқылады, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро денсаулық сақтау, фармацевтика және биотехнология салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада қазақстандық және кубалық мамандардыӊ тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де талқылады. Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін сайлау барысында Қазақстанныӊ кандидатурасын Кубаныӊ қолдауы тұрғысынан қол жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны