21.04.2008, 09:41 1328

Қазақстан Орта Азиядағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою қызметінің үйлестіру орталығын құруды көздеп отыр - Божко

Қазақстан Орта Азиядағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою қызметінің үйлестіру орталығын құруды көздеп отыр - Божко

Алматы. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Орта Азия елдеріндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою қызметінің үйлестіру орталығын құруды көздеп отыр. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"БҰҰ-ның дәнекерлігімен бізде Тәжікстан мен Қырғызстанның сәйкес министрлік басшыларының кездесуі өтті. Біз Қазақстанда осындай орталық құрып, оның үйлестіру қызметімен айналысу мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп мәлімдеді В. Божко.

Атап айтқанда, бірлескен мемлекеттерге су ресурстарын пайдалану мәселесін шешу қажет. "Біздің өзендеріміздің көпшілігі бастауын өзге елдерден алады. Яғни, біз көршілес мемлекеттермен өзара ықпалдастықты іске асыруымыз қажет. Бұл бізге қажеті жоқ тасқындарды болдырмау үшін керек", - деп атап көрсетті министр.

Сонымен бірге көршілес елдермен су консорциумын құру туралы келіссөздер жүріп жатыр. Изірге келіссөздер нәтиже берген жоқ.

"Мен Көксарай су қоймасын салу жөніндегі үкімет шешімін орындау мақсатында кездесу өткіздім. Ол су қоймасы қыс кезінде үш текше шақырымға дейін су жинауға мүмкіндік береді. Ал содан кейін бір-екі ай ішінде ағаш өсіруші құрылымдарға және Арал теңізі мен көлдерге қажетті су ресурсын сақтап тұрады. Бұл су шаруашылығы мен балық өндірісінде тәуір нәтижелерге қол жеткізуге жәрдемдеседі", - деп хабарлады В. Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны