27.04.2010, 11:12 1606

Қазақстан президенті Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың бірқатар нысандарын аралады

Қазақстан президенті Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың бірқатар нысандарын аралады

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қаланың бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Райымбек" метросы станциясының құрылыс барысымен танысты.

"Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығына қарай біз алматылықтарды Алматы қаласында метрополитеннің іске қосылуымен қуанта аламыз деп ойлаймын, бұл қала үшін, экология үшін, көлік үшін өте қажет", - деді еліміздің Президенті.

Қазіргі уақытта метрода дәнекерлеу жұмыстарына дайындық басталып, жолдың жоғары іргесін жөнге келтіру жұмыстары жүргізілуде, 7,4 шақырымдық жолға бетон төселген.Құрастырушы зауытқа арналған жылжымалы құрамды кешенді сынақтан өткізу ісі қолға алынған. Метрополитен құрылысын салу кезінде 117,3 миллиард теңге игерілді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ "Қазақстан халқы банкі" АҚ бас жаңа ғимаратында болды.

Бұл ғимарат Халық банкінің негізгі қаражатын жаңарту бағдарламасы аясында 2009 жылы салынған.

Ал "Бұхар жырау тауэрс" тұрғын үй кешенін аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше пәтерде болып, төрт 22 қабатты ғимараттан тұратын шағын ауданның тұрғындарымен әңгімелесті. Аталған кешен үлескерлік құрылысқа мемлекеттік қолдаудың аясында "Самұрық Қазына" ҰИҚ мен Қазкоммерцбанктің қаржылық көмегінің арқасында тұрғызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны