26.10.2015, 20:01 4150

Қазақстан Президенті Катар Имірі шейх Тамим бен Хамад Ил Танимен кездесті

Екі жақтыӊ делегацияларыныӊ кеӊейтілген құрамда өткен кездесулері барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздіӊ еліміз Катар мемлекетін осы өӊірдегі маӊызды серіктес ретінде қарастыратынын айта келіп, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін екі елдіӊ әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті. Оған Қазақстан мен Катар арасында жоғары саяси деӊгейде қалыптасқан өзара сенімді қарым-қатынас негіз болуға тиіс

Астана. 26 Қазан. Kazakhstan Today - Екі жақтыӊ делегацияларыныӊ кеӊейтілген құрамда өткен кездесулері барысында Нұрсұлтан Назарбаев біздіӊ еліміз Катар мемлекетін осы өӊірдегі маӊызды серіктес ретінде қарастыратынын айта келіп, ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту үшін екі елдіӊ әлеуеті жеткілікті екенін атап өтті. Оған Қазақстан мен Катар арасында жоғары саяси деӊгейде қалыптасқан өзара сенімді қарым-қатынас негіз болуға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі елдіӊ көптеген өӊірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдары ұқсас. Катар мемлекеті сияқты Қазақстан да қазіргі кезде өз экономикасын әртараптандыру саясатын қарқынды жүргізіп жатыр. Елде ауқымды институционалдық реформалар, индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламалар екі елдіӊ компаниялары арасында бірлескен жобалар үшін перспективаларға жол ашады. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан бүгінде Еуропа мен Оӊтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын іскерлік, транзиттік және логистикалық ірі хаб құрып жатқанын да еске салды. Сол арқылы еліміз әлем халқыныӊ төрттен үші тұрып жатқан 60-қа жуық елді байланыстыратын Жаӊа Жібек жолын қалыптастыруда. Еліміздіӊ көлік-транзиттік мүмкіндіктері Қытайдыӊ, Ресейдіӊ және Орталық Азия өӊірініӊ нарықтарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.

Мемлекет басшысы 2017 жылы Астанада мамандандырылған ЭКСПО халықаралық көрмесі өтетінін айтты және Катар компанияларын сол шараға белсене қатысуға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев елімізде инвесторлар үшін барынша қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру мақсатында көптеген жеӊілдіктер мен артықшылықтардыӊ заӊ жүзінде бекітілгенін айтты. Астанада Британ құқығына негізделген халықаралық қаржы орталығы іске қосылатыны, сондай-ақ респаубликада исламдық қаржыландыру ісіне айрықша маӊыз беріліп отырғаны атап өтілді. Қазақстанда исламдық қаржы индустриясы саласында заӊнамалық база қалыптасты, ислам банкингі, сақтандыру және лизинг секторында бірқатар қаржы институттары жұмыс істейді.

Катар Имірі шейх Тамим бен Хамад Ил Тани Қазақстан Президенті бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарға қуатты серпін беретінін, Доха біздіӊ елмен кеӊ ауқымдағы ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті. Катар Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді әрі маӊызды серіктес ретінде қарастыратынын айтты.

Қазақстан Президенті мен Катар Имірі екі елдіӊ арасында қаржы-инвестиция, банк секторында, агроөнеркәсіп салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуеттіӊ бар екенін атап өтті.

***

Кездесу қорытындысында төмендегідей екіжақты құжаттарға қол қойылды:

1. Дипломатиялық паспорты бар тұлғалардыӊ виза талаптарынан босатылатыны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

2. Мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Катар мемлекеті Үкіметі арасындағы келісім;

3. Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық банкі мен Катар мемлекетініӊ Орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны