16.05.2014, 20:29 1370

Қазақстан Президентіне медицина саласындағы жаңашылдықтар таныстырылды

Онда Мемлекет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, соның ішінде жаңа технологияларды енгізу үдерісі таныстырылды.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Елбасы кеше Шымкент қаласындағы №3 емханада болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Мемлекет басшысына Оңтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері, соның ішінде жаңа технологияларды енгізу үдерісі таныстырылды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев емхана қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың жұмыстарына табыс тіледі.

Бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын №3 емхана "100 мектеп, 100 аурухана" жобасы аясында салынған. Ол диагностиканың сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық және иммунологиялық түрлерін қамтитын жаңа диагностикалық құрылғымен жабдықталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны