05.07.2016, 18:32 4697

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігініӊ мәлімдемесі

Қазақстан соӊғы кездері жүздеген кінәсіз бейбіт азаматтардыӊ өліміне әкеп соқтырған Иракта, Ауғанстанда, Бангладеште және Сауд Арабиясында жасалған террористік актілерді сөзсіз және үзілді кесілді айыптайды

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан соӊғы кездері жүздеген кінәсіз бейбіт азаматтардыӊ өліміне әкеп соқтырған Иракта, Ауғанстанда, Бангладеште және Сауд Арабиясында жасалған террористік актілерді сөзсіз және үзілді кесілді айыптайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында лаӊкестік шабуылдардыӊ жандануы олардыӊ Исламныӊ жалпы қабылданған құндылықтармен қандай да бір байланысы жоқ екенін көрсетті және террористердіӊ ұлт пен дінге ешқандай да қатысы жоқ екенін тағы да растайды.

Қазақстан жоғарыда аталған елдердіӊ билік орындарыныӊ халықаралық терроризм және экстремизммен күресудегі күш-жігерлерін толық қолдайды және халықаралық қауымдастықты бұл құбылыспен күресуде сөзсіз және батыл шараларды қабылдауға шақырады.

Бүкіл әлем бойынша террористердіӊ қылмыстық әрекеттерініӊ жандануы аясында біз тезірек БҰҰ аясында Жаhандық антитеррорлық коалицияныӊ құрылуын қолдаймыз.

Құрбан болғандардыӊ отбасы және жақын-туыстарыныӊ қайғыларына ортақтасамыз және теракт барысында зардап шеккендердіӊ тез сауығып кетулерін тілейміз.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны