08.06.2015, 17:46 3557

Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Испанияныӊ Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мануэль Ларротча Параданы қабылдады

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - Гүлшара Ибдіқалықова елшіні Испанияныӊ 2015-2016 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне сайлануымен құттықтап, испан тарапына БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанныӊ кандидатурасын ілгерілету бағытындағы іс-шараларға қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігіні? тілшісі.

Кездесуде 2009 жылы қол қойылған стратегиялық серіктестік туралы келісімге негізделген Қазақстан мен Испания арасындағы екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардыӊ серпінді дамуы атап көрсетілді. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Г.Ибдіқалықова Испания дипломатиялық миссиясы басшысына оныӊ екіжақты байланыстарды дамытуға, соныӊ ішінде 2014 жылғы қыркүйекте Астанада өткен Экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясыныӊ 6-шы отырысын ұйымдастыруға қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді.

Қарлагта тұтқында болған испандықтарды еске алуға арналған Спасскідегі ескерткіштіӊ таныстырылымы 2015 жылғы 31 мамырда Ларротча Параданыӊ тікелей қолдауымен өтті. Бұл рәсімге Испаниядан арнайы келген бұрынғы испандық тұтқындар отбасылары мүшелері мен жобаға қатысушылардан тұратын 12 адам қатысты. ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ қаржылық қолдауы арқылы халықаралық "Nexos" телерадио хабарларын тарату қауымдастығы түсірген "Қарағандыда ұмыт қалғандар" атты қазақ-испан деректі фильмі 2014 жылы Калифорния кинофестивалінде үздік деректі фильм ретінде танылып, California Film Awards гауһар сыйлығын иеленді. Бұл фильм сондай-ақ Джакартадағы кинофестивальде "Үздік еуропалық деректі фильм" атанды.

Кездесу қорытындысында Мемлекеттік хатшы Испания елшісіне зор денсаулық және жаӊа жұмыс орнындағы қызметіне табыс тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны