26.04.2007, 10:40 3498

Қазақстан Республикасының президенті ресми сапармен Қырғызстанға келді

Қазақстан Республикасының президенті ресми сапармен Қырғызстанға келді

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Қырғызстан Республикасына келді,

деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сапар бағдарламасына сәйкес Қырғызстан Республикасының Президенті Құрманбек Бакиевпен, Жоғарғу Кенеш төрағасы Марат Сұлтановпен және бір топ депутаттармен кездесу, сондай-ақ бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылған болатын.

Екі жақты ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық негізін 150 тарта құжат, оның ішінде 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы келісім, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қарым-қатынастар туралы келісім құрайды.

2006 жылы екі жақты тауар айналымының көлемі 406,6 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан Қырғыз Республикасының экономикасына инвестиция салушы елдердің тізімінде бірінші орынға ие. Қазақстан Республикасынан салынған инвестициялардың көлемі 2006 жылдың тоғыз айында 56,2 миллион АҚШ долларын, немесе Қырғызстан экономикасына тартылған барлық инвестицияның 29,7 пайызын құрады.

Қырғызстанда Қазақстан капиталының қатысуымен банк секторы, энергетика, газ саласы, өнеркәсіп, құрылыс материалдары өндірісі (Тоқмақ құрылыс материалдары зауыты, Кант цемент-шифер комбинаты, Тоқмақ сүт комбинаты, Беловод крахмал-сірне комбинаты және басқа да ірі кәсіпорындар) салаларында 400-ден астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Қырғызстанның қаржылық-несие нарығында "Қазкоммерцбанк", "Халық банкі", "Темір банкі", "Алматы сауда-қаржы банкі" және "Альянс банкі" қызмет етеді. Тұтастай алғанда, Қырғыз Республикасының несие нарығындағы Қазақстан банктерінің үлесі 50 пайызды құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны