31.05.2010, 13:55 7754

Қазақстан үкімет басшысы денсаулық сақтау саласын 2011-2015 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын бір айдың ішінде толықтыруды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы денсаулық сақтау саласын 2011-2015 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын бір айдың ішінде толықтыруды тапсырды

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін денсаулық сақтау саласын 2011-2015 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған үкіметтегі кеңейтілген кеңесте үкімет басшысы Кәрім Мәсімов денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке бағдарламаның жобасын бір айдың ішінде толықтыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бағдарламаның жобасын сайтқа шығару керек. Бұл құжат республикалық және өңірлік БАҚ-тарда кеңінен жариялануға тиіс. Бұдан кейін 1 айдың ішінде мемлекеттік органдардың қарауына, сосын шілде айында үкіметтің отырысында қарауға ұсынылуы қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Үкімет басшысы "бұл бағдарламада бірінші кезекте науқастың өзінің үні естілуге тиіс. Бағдарламаның осы бөлімі толықтырылуы керек", - деп атап өтті.

Үкімет басшысы бұл бағдарлама екі бөлімнен тұруға тиіс, "бірінші бөлімі - бұған дейін істелгені, екінші бөлімінде ендігі жерде қалай қарай жылжуымыз қажеттігі" көрсетілуге тиіс, деді.

Ол бұған қоса бағдарлама Қазақстанның білім беру және әлеуметтік даму бағдарламасымен жақын ықпалдастықта жасалуға тиіс деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны