11.05.2010, 13:43 3970

Қазақстан үкіметі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жөніндегі қаулының жобасын қабылдады

Қазақстан үкіметі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жөніндегі қаулының жобасын қабылдады

Астана. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан үкіметінің мүшелері үкімет отырысының барысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру жоспары жөніндегі қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қаулының жобасын таныстырған ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанованың түсіндіруінше, "бұл қаулының жобасымен мынадай ережелерді бекіту көзделіп отыр: бағдарламаның "Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау", "Кәсіпкерлік секторды сауықтыру" және "Экспортқа бағытталған өндірістерді қолдау" секілді бағыттарына берілетін банк несиелерінің сыйақы ставкаларына субсидия бөлу, сондай-ақ, "Даму" қорының банк несиелеріне жартылай кепілдік беруі.

"Сондай-ақ, қаулының жобасына сәйкес, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі, жергілікті атқарушы органдар мен "Даму" қоры және екінші деңгейлі банктер "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында келісімдер мен шарттарға қол қойған кезде судсидиялау және несиелерге жартылай кепілдік беруде ынтымақтастық жөніндегі типтік келісімдерді басшылыққа алады", - деді министр.

Оның айтуынша, қаулының жобасында қарастырылған құжаттарда мемлекеттік қолдау шарттары мен тетіктері, сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар арасындағы ықпалдастық тәртіптері, олардың құқықтары мен міндеттемелері регламенттеледі.

Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың айтуынша, "бағдарлама нақты жүзеге асырылуы үшін 14 мамырда бұл процеске барлық қатысушылар арасындағы меморандумға қол қою ұсынылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны