14.09.2016, 08:42 4230

Қазақстанда әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлік құру мәселесі қарастырылуы мүмкін - Н.Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қорғаныс министрлігініӊ басшылық құрамымен кездесті, деп Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қорғаныс министрлігініӊ басшылық құрамымен кездесті, деп Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Жасұзақовтыӊ Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы айтып, қазіргі сын-қатерлердіӊ алдын алу және оны жою ісіндегі әскердіӊ айрықша рөлін атап өтті.

" Келесі жылы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ құрылғанына 25 жыл толады, бұл еліміздіӊ тарихындағы маӊызды белес болып саналады. Искер - егемендіктіӊ басты кепілі. Өӊірде және әлемде қалыптасқан қазіргідей күрделі кезеӊде Қарулы Күштердіӊ рөлі артып келеді. Халықаралық терроризмніӊ қауіп-қатерлері, гибридті соғыстар, белеӊ алып келе жатқан қарулану бәсекесі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне баса көӊіл бөлуге мәжбүрлеп отыр, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы айрықша назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты атап өтті.

" Искери тәртіпті жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және Қазақстан әскерініӊ жауынгерлік даярлығын жоғары деӊгейде ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыра отырып, әскери дайындық мәселелерін одан да сапалы деӊгейге жеткізу керек. Ол үшін барлық қажетті қаражат бөлінетін болады. Біз өзіміздіӊ дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз. Осыған байланысты, тиісті құрылымды арнайы корпорацияға немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлікке айналдыру мәселесі қарастырылатын болады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір маӊызды мәселе әскери қызметшілердіӊ жаӊа буынын қалыптастыру екенін айтты.

- Сол үшін тиісті оқу орындары, университеттер ашылды. Енді әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырумен айналысу керек, - деді Қазақстан Президенті.

Жаӊа Қорғаныс министрі С.Жасұзақовты таныстырған Мемлекет басшысы оныӊ мол тәжірибесі мен кәсіби машығы бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев И.Тасмағамбетовке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, елдіӊ Премьер-Министрініӊ орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

Соӊында Қазақстан Президенті қатысушыларға елдіӊ қорғаныс қабілетін нығайту, Қазақстан армиясыныӊ жауынгерлік даярлығын арттыру ісінде табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны