21.06.2007, 14:36 2591

Қазақстанда қарулы күштерді басқарудың біртұтас автоматтандырылған жүйесі енгізіледі

АСТАНА. 21 маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда қарулы күштерді басқарудың біртұтас автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісінде мекеме басшысы Даниал Ахметов мәлім етті,деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз модернизация туралы сөз қозғағанда, бірінші кезекте қаруды жаңалау туралы емес, қарулы күштерді басқарудың біртұтас автоматтандырылған жүйесін енгізуді, қару мен әскерді басқаруды модернизациялауды айтып жүрміз", - деді Д.Ахметов. "Біз дәл осы салада АҚШ пен басқа да бірнеше ірі әскери державалардың қарулы күштері жүріп өткен жолымен жүре отырып, автоматтандырылған басқару жүйесін құрамыз",- деп атап өтті. "Бейнелей айтсақ, біз әскери басқару мен жоспарлауда секіріс жасаймыз, бұл отты басқаруға түбегейлә әсер етеді",- деп атап көрсетті Д. Ахметов.

Министр, "жаңа технологияларды өңдеу және инновацияны, соның ішінде автоматтандырылған жүйені енгізу үшін министрлік жанындағы әскерлер автоматизация және байланыс бас бас басқармасын құрғандығын" хабарлады.

Д. Ахметов сондай-ақ, еліміздің қарулы күштерінде жауынгерлік құрам мен әскер құрылымын белсендіруге қатысты жұмыстардың басталғандығын еске сала кетті. "Біз әсери дайындыққа аса назар аударып отырмыз, және де бүгінде қаржы қайта бөлу есебінен әскерлердің әскери дайындығына бөлінген қаржы үстіміздегі жылы екі есеге - 10,6 млрд теңгеге дейін өсті",* деп атап өтті ол. "Біз әскери дайындықтың жаңа деңгейі білім берудің де жаңа деңгейге көтерілуін талап етеді деп санаймыз",- деді министр. Осыған байланысты, оның айтуынша, қазіргі уақытта министрлік "әскери мамандарды дайындау жүйесін өзгертудің басты бағыттарын" пысықтаған. "Жыл сайын үш мыңнан астам офицерлер мен сержанттар қайта дайындықтан өтетін болады",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, министр "азаматтың әскери қызметке келгенінен бастап біртіндеп қызметте өсуін, әскери қызметкердің қызмет баспалдақтарымен көтерілуін қарастыратын офицерлер мен сержанттардың шендік тұрғыда өсуінің типтік схемасы әзірленгендігін" хабарлады. "Бізде біреудің Алматыда жылы орнынан тапжылмауы, ал кейбіреулердің Аягөз, Отар, Сарыөзекте тер төгуі деген болмайды",- деп атап көрсетті ол.

Министрдің хабарлауынша, "Елбасының тапсырмасы бойынша министрлік үстіміздегі жылы қызметтік тұрғын үй жүйесін дамытуға қосымша 2 млрд 615 млн теңге тапқан". "2007 жылы біз 78 мың шаршы метрден астам тұрғын салуды жоспарлап отырмыз, 1800 жуық әскери қызметкер жаңа пәтер алады",- деп атап көрсетті ол. Д. Ахметов сондай-ақ, министрліктің 2008 жылғы бюджетінде әскери қызметкерлерге арналған тұрғын үй құрылысына 1,7 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу жоспарланғандығын хабарлады. "Орташа мерізімді келешекте жыл сайын 75 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үй салу жоспарланған, бұл жыл сайын 1200 әскери қызметкерді пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны