04.04.2017, 17:42 9056

Қазақстанда тілдерді дамыту мен қолданудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныӊ екінші кезеӊін жүзеге асыру жұмыстары аяқталды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауын іске асыру аясында Қазақстанда тілдерді одан әрі дамыту мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі елімізде тілдерді одан әрі дамыту жұмыстарын жалғастырады,- деп хабарлайды үкімет.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауын іске асыру аясында Қазақстанда тілдерді одан әрі дамыту мәселелері жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Бақытжан Сағынтаев тілдерді дамыту еліміздегі басымдықты міндеттердіӊ бірі болып табылатынын айтты, соған орай мемлекет барлық ұлыстардыӊ тілдерін және үш тілділікті дамытуға жағдайлар жасауда. Мемлекет басшысыныӊ Жолдауында үш тілді білім беруге кезеӊ-кезеӊмен ауысуға ерекше көӊіл бөлінген. Сондықтан да Үкімет алдында осы ауысымды қамтамасыз ету міндеті тұр.

Мәдениет және спорт министрлігіне және Білім және ғылым министрлігіне, әкімдерге түсіндіру жұмыстарына барынша күш салып, халыққа қазақ тілін үйретудіӊ тегін курстарын ұсыну жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

ҚР Премьер-Министрі өзге тілдерге үйрететін курстардыӊ да қолжетімділігін арттыруға, соныӊ ішінде интернет желісінде арнайы ақпараттық көздер арқылы оқытуға көӊіл бөлу керектігін және тілдерді оқытудыӊ соӊғы шыққан заманауи әдістемелерімен оқу құралдарын шығару қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев тілдерді үйрету үшін бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ әлеуетін пайдалану қажет екенін және арнайы бағдарламалар мен үйрететін видеоөнімдерді әзірлеу жұмыстарын ретке келтіру қажеттігін атап өтті.

Тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аса тиімділігі мен оӊ нәтижелерін көрсетуде.

Бұл туралы Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу барысы туралы мәселе қаралған ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты.

Министрдіӊ айтуынша, биыл Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасын 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеӊде жүзеге асырудыӊ тиімділігін бағалау жүргізілген. Жалпы, соӊғы 3 жыл ішінде Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру қорытындылары орташа тиімділігін көрсетті, баллдық жүйе бойынша мүмкін болатын 4 баллдан 2,66 баллмен бағаланды.

3 критерий бойынша бағалаулар біршама жоғары болды. Мақсатты индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі 88% құрады.

Т. Сүлейменов атап өткендей, Мәдениет және спорт министрлігініӊ есебіне сәйкес, соӊғы 3 жылда Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға 16,7 млрд теӊге бағытталды, оныӊ ішінде 14,9 млрд теӊгесі немесе 89,3% игерілді.

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолданудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы барысы мен тұрғындардыӊ қанағаттану деӊгейін анықтау бойынша сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, сұралғандардыӊ 85% Мемлекеттік бағдарлама туралы хабардар. Сауалнамаға қатысушылардыӊ жартысынан көбі мемлекеттік тілді тұрақты қолданады,басым бөлігі (63,7) соӊғы кезде тіл мәдениеті жақсарды деп санайды, яғни, адамдардыӊ тіл білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту деӊгейі артқан. Сұралғандардыӊ жартысыныӊ мемлекеттік тілді оқыту бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттердіӊ сапасына көӊілдері толады.

Мемлекеттік бағдарламаны одан әрі жүзеге асыру аясында Т. Сүлейменов тұрғындармен мемлекеттік тілге оқытудыӊ қолда бар мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, интернет пен телевидениеніӊ әлеуетін барынша пайдалануды, жеке секторды халықты мемлекеттік және басқа да тілдерге оқыту бойынша шараларға белсене тартуды, сонымен қатар Мемлекеттік бағдарламада Қазақстанда үш тілділікті дамытуды күшейту бойынша шараларды қарастыруды ұсынды.

Қазақстанда мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі артуда.

2016 жылы Қазақстанда мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі 82 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндады.

Министр 2014 жылы мемлекеттік тілді меӊгерген халық үлесі 72,1%-ды құраса, 2015 жылы 76,3%-ға жеткенін айтып өтті. Қазіргі таӊда "Қазтест" жүйесі негізінде қазақ тілін білу деӊгейін анықтау жыл сайын артуда. 2016 жылы тестілеуден өткендердіӊ жалпы саны - 73 732 адамды, оныӊ ішінде мемлекеттік қызметшілер саны шамамен 40 000 адамды (53,5%) құраған.

"Мемлекеттік бағдарлама аясында 2014-2016 жылдар аралығында оқу-әдістемелік құралдар, әлем әдебиеті классиктерініӊ шығармалары, танымдық, ғылыми-публицистикалық, балаларға арналған кітаптар және т.б. қоса алғанда, барлығы шамамен 88 баспа жобасы жарық көрді. Оныӊ ішінде өзге тілдерде шығарылған жобалар саны - 24. Сонымен қатар мемлекеттік тілді үйретудіӊ жаӊа әдістемелері "Қазақ сөзі" оқу құралдары әзірленді", - деді А. Мұхамедиұлы.

Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымыныӊ үлесі 91%-ды құрады. Сонымен қатар, елімізде 87 аймақтық қазақ тілін оқыту орталықтары жұмыс жасайды.

"Дегенмен, статистикалық-есеп және қаржылық құжаттамалардыӊ мемлекеттік тілге ауыспау фактілері бар", - деді министр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда тіл саясаты "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заӊына, Тілдерді қолдану мен дамытудыӊ 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бүгінгі таӊда бағдарламаныӊ екінші кезеӊін жүзеге асыру жұмыстары аяқталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны