19.06.2018, 20:57 7029

Қазақстанда Түркістан облысы құрылып, Шымкент республикалық маӊызы бар қала мәртебесіне ие болды

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысыныӊ кейбір мәселелері туралы" жарлыққа жария түрде қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 19 маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысыныӊ кейбір мәселелері туралы" жарлыққа жария түрде қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы жарлыққа жария түрде қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде Шымкент миллионнан астам тұрғыны бар Астана мен Алматы қалаларыныӊ қатарына қосылғанын айтты.

"Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" заӊныӊ 3-бабыныӊ 1-тармағына сәйкес бүгін мен қол қоятын жарлық Шымкентке республикалық маӊызы бар қала мәртебесін береді. Бұл әкімшілік бірлік еліміздегі он жетінші аймақ болады. Облыс орталығы ғасырлар бойы Қазақ хандығыныӊ және бүкіл түркі әлемініӊ саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына көшіріледі", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊадан құрылған Түркістан облысында жаӊа әкімшілік функцияларды сапалы іске асыру үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін айтып, қабылданған шешімніӊ тарихи мәніне тоқталды.

- Шымкент біздіӊ елдіӊ ғана емес, бүкіл Орталық Азия өӊірініӊ инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстар тартатын жаӊа орталығына айналады. Бұл үшін барлық жағдай мен қажетті әлеует бар, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Шымкенттіӊ республикалық мәртебе алуы оныӊ одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланыӊ алдында жаӊа перспективалар ашылатынына сенім білдірді.

"Бұл қадам шаһардыӊ теӊгермелі әлеуметтік-экономикалық дамуына және бүкіл өӊір тұрғындарыныӊ тұрмыс сапасыныӊ дәйекті түрде артуына тыӊ серпін береді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қол қою рәсімініӊ соӊында Мемлекет басшысы Президент Икімшілігіне, Үкіметке және облыс әкімдігіне жарлықты сапалы әрі шұғыл іске асыру, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік органдар мен мекемелердіӊ үздіксіз әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны