04.07.2008, 15:28 2634

Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс - Қазақстан президенті

Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс - Қазақстан президенті

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның өңірлері Астананың үлгісінде көріктендірілуге тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін облыс әкімдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Енді Қазақстан тіптен көріктене түсуі үшін қалалар мен аудан орталықтары жайластырылады. Бұның бәріне Астана серпін беріп отыр", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің айтуынша, "өңірлердің Астанаға сыйға тартқан гүлзарлары мен субұрқақтары қаланың әсемдігін арттыра түсті. Ең бастысы, барлық қазақстандықтардың Елордасының ісіне қатысы бар екенін көрсетіп берді",- деді президент.

"Астанаға қарап, көптеген облыс орталықтары өз бетімен бой түзей бастады. Өңірлердің экономикасы өсіп, тұрмыс түзеле бастады. Ортақ көңіл-күй мен ортақ өсуден Қазақстан экономикасының өсімі мен Астананың гүлденуі құралады", -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны