07.09.2021, 22:09 7509

Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары қаралды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ұсынған Жалпыұлттық жоспар ҚР Президентінің негізгі бағыттары мен бастамалары бойынша 102 тармақтан тұрады. 
 
Премьер-Министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жүргізіліп жатқан мемлекеттік және экономикалық саясаттың жаңа міндеттерін атап көрсеткенін айтты.
 
Үкімет пандемиядан кейінгі кезеңде экономиканың орнықты әрі сапалы өсуін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет салаларын жетілдіру, өңірлерді кешенді дамыту, еңбек нарығының тиімді экожүйесін құру бойынша белсенді шаралар қабылдайды. 
 

Үкімет жұмысының маңызды бағыты – Мемлекет басшысының азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру жөніндегі бастамаларын іске асыру. Жалақыны көтеру, жеке сектордың үлесін ұлғайту, салықтық жүктемені азайту арқылы халықтың нақты кірістерінің өсуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады", — деді А. Мамин. 

 
Үкімет басшысы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары алға қойылған міндеттерге толықтай сай екенін атап өтті. 
 
А. Мамин орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларына жоспар іс-шараларының сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша дербес жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны