03.03.2017, 21:45 6803

Қызылорда қаласында "Астана ЭКСПО-2017" көрмесініӊ ақпараттық ресурстық орталығы ашылды

"ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған іс-шараларды өз деӊгейінде өткізу және аймақтыӊ туристік әлеуетін таныту мақсатында құрылған орталық жұмысын "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Қызылорда. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында "Астана ЭКСПО-2017" көрмесініӊ ақпараттық ресурстық орталығы ашылды. Орталық "Кәсіпкер палатасы" ғимаратыныӊ 3-қабатында орналасқан.

"ЭКСПО-2017" көрмесіне арналған іс-шараларды өз деӊгейінде өткізу және аймақтыӊ туристік әлеуетін таныту мақсатында құрылған орталық жұмысын "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық қоры жүзеге асырады.

Халықаралық көрме кезінде ресурстық орталық облыс тұрғындары мен туристерге көрме өткізілетін орын мен Қорқыт ата мемориалдық кешені, Байқоӊыр қаласына саяхаттауға байланысты ақпараттарды жеткізеді.

"Қорқыт Ата" зиярат ету кешенінде "Этноауыл" құру жоспарлануда, онда қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы өз өнімдерін ұсынатын болады.

Көрмеге билеттері жөнінде тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету жұмыстары жалғасын тауып келеді.

Бүгінгі күні облыс тұрғындарыныӊ электронды билеттерді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыныӊ арнайы сайты мен Қызылорда облысындағы барлық "Қазпочта" АҚ бөлімшелерінде алуға мүмкіндіктері бар, сонымен қатар билеттер "Жібек жолы" ойын-сауық орталығында сатылады.

Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, жетім балалар, 6 жасқа дейінгі балалар көрмені тегін тамашалай алады. Ал, оқушылар мен студенттерге, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға 50 пайыздық жеӊілдік қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны