11.07.2014, 20:32 3280

Қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Ақтау гарнизонына барды

Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Ақтау гарнизонында жұмыс сапарымен болды, деп ведомстводан хабарлады.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов "Батыс" өңірлік қолбасшылығының Ақтау гарнизонында жұмыс сапарымен болды, деп ведомстводан хабарлады.

Министр әскери гарнизонның қазіргі қызметі және жағдайымен, сондай-ақ оның даму перспективаларымен танысты.

С. Ахметов әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру, қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық әлеуеті, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде алынған жаңа үлгідегі қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау мен оларды пайдалану бойынша қолбасшылықтың баяндамаларын тыңдады.

Аймаққа сапары барысында министр жеке құрамның әлеуметтік жағдайына, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілер үшін тұрғын үй құрылысын жүргізу жөніндегі бағдарламасының жүзеге асырылуы, тұрмыс пен қызмет жағдайын одан әрі жақсарту мәселелеріне айрықша көңіл бөлді.

Ақтау гарнизонындағы нысандар мен бөлімшелерді қарау барысында министр әскери-теңіз базасының оқу орталығымен, оқу-жаттығу стансасымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, "Батыс" өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылған. Өңірлік қолбасшылықтың негізгі тапсырмалары мемлекеттік шекараға қол сұғылмаушылықты, аумақтық тұтастықты, егемендік пен Каспий теңізінің қазақстандық секторында еліміздің экономикалық мүдделерін қорғау болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны