14.09.2016, 13:58 3574

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіхалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеӊсесініӊ басшысы Дьердь Сабомен кездесті

ЕҚЫҰ халықаралық ұйымына 57 ел мүше. Қазақстан 2010 жылы ұйым қатарына қосылды. 6 жыл бұрын Астанада ЕҚЫҰ соӊғы саммиті өткен болатын.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Ибдіхалықова Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеӊсесініӊ басшысы Дьердь Сабомен кездесті. Отырыстыӊ басты тақырыбы Қазақстанныӊ халықаралық ұйыммен ынтымақтастығына арналды.

ЕҚЫҰ халықаралық ұйымына 57 ел мүше. Қазақстан 2010 жылы ұйым қатарына қосылды. 6 жыл бұрын Астанада ЕҚЫҰ соӊғы саммиті өткен болатын.

"Бізде жастарды біріктіретін дәстүрлі бағдарлама бар - Орталықазиялық жастар жүйесі, ол 11 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Біздіӊше, бұл бағдарлама бойынша адамдар дамытуды жүзеге асыратын ұяшық құрады. Қазақстан өӊірлік ынтымақтастықты қолдайды, бұл өте маӊызды, Елбасыларыӊыз әрбір баяндамада бұл ел үшін аса маӊызды екенін атап өтеді", - деді Дьердь Сабо.

Ол атап өткендей, қоғамда әйелдерді қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіпкерлікті қолдау мен жасыл экономиканы қолдау да жүзеге асырылды, бұл салада әйелдердіӊ қызмет етуі өте маӊызды.

"Мен жарты жыл осында жұмыс істеймін, сіздерде әйелдер қауымы өте белсенді", - деді ол.

"Айта кететіні, біз секілді дипломаттарды бұл орындарға ешкім тағайындамайды, өзіміздіӊ қалауымыз бойынша байқауға құжат тапсырамыз. Мен неге Қазақстанды таӊдадым? Мен өӊірлерде болдым, әрқашан сіздердіӊ жұмысқа деген құлшыныстарыӊыз, жетістікке жету ұмтылыстарыӊыз сүйсіндіретін. Жаӊа Астана - барлық құлшыныстыӊ нышаны. Біз Президенттіӊ "Илем. XXI ғасыр" манифесті аясында қандай бағыттар бойынша жұмыс істеуге болатынына да көӊіл бөлеміз", - деді ол.

Өз кезегінде, Г.Ибдіқалықова ЕҚЫҰ - 25 жыл бұрын елдіӊ тәуелсіздігін қолдаған алғашқы ұйымдардыӊ бірі екенін атап өтті.

Сонымен бірге, Г.Ибдіқалықова мәртебелі мейманды Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі Ұлт жоспарыныӊ орындалу барысы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын мерекелеу аясында өтетін іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол тәуелсіздік жылдарында экономиканыӊ нығайып, халықтыӊ әл-ауқаты артқанын, Қазақстан қоғамы жалпыұлттық келісім мен қоғамдық тұрақтылықтыӊ үлгісі ретінде қарастырылып отырғанын, ал еліміз жауапты әрі құрметті халықаралық серіктес ретінде танылғанын атап айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны