26.04.2023, 17:55 65631

Әлихан Смайылов Иранға келді  

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде
Тегеран. 26 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Тегеранда Үкімет басшысы Иранның Бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесу өткізеді. Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Иран Президенті Ибрахим Раисимен де кездеседі.

Атап өтетін жайт, ҚР Премьер-Министрінің сапары аясында 24-26 сәуір аралығында Қазақстанның Ирандағы үшінші сауда-экономикалық миссиясы өтуде. Оған тамақ, химия, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп және металлургия бойынша 20 отандық тауар өндіруші қатысып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны