09.01.2023, 12:24 32031

Максим Споткай Сенат аппаратын басқарды

Бұған дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған
Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Максим Споткай Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Максим Споткай Александрович 1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Омбы мемлекеттік техникалық университетін "инженер-менеджер" мамандығы бойынша бітірген.

 "Nur Otan" ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, "Джей Энд Эс" халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, "ZamandaS" Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, "Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, "Павлодар облысының кәсіпорталығы" КАБ төрағасының м.а., "Павлодар кәсіпқызмет" ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, "Нұр-Медиа" ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, "Nur Otan" партиясы Орталық аппараты Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары болып қызмет істеген.

Мерейтойлық медалдермен, соның ішінде "Ерен еңбегі үшін" медалімен, ТМД ПАА кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен көтермеленген.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны