28.05.2021, 19:04 11040

Мамин Беларусь Премьер-Министрімен келіссөз өткізді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАМЫР - ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Минск қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп салаларындағы, фармацевтика мен денсаулық сақтаудағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру перспективасын талқылады. 
 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. 
 
2021 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $175,6 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Қазақстанда 40% деңгейінде жергіліктендірумен ірі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша ҚР мен БР 8 бірлескен кәсіпорны белсенді жұмыс істейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны