23.12.2014, 11:42 3184

Мәскеуде ҰҚШҰ-ныӊ бірлескен отырысында 20-дан аса құжатқа қол қойылды

Жиырмадан астам құжатқа, соныӊ ішінде Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытуға, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссия туралы ережеге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Mәскеу. 23 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердіӊ қорғаныс, сыртқы істер министрлері мен қауіпсіздік кеӊестерініӊ хатшылары халықаралық аренадағы ынтымақтастық, жауынгерлік даярлық және экстремизммен күрес салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуды көздейтін бірқатар құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Келесі жылы Ұжымдық жедел ден қою күштері мен ҰҚШҰ бітімгершілік күштерініӊ қатысуымен бірнеше оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс істері министрлігініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жиырмадан астам құжатқа, соныӊ ішінде Ұжымдық жедел ден қою күштерін дамытуға, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссия туралы ережеге қатысты құжаттарға қол қойылды.

Ұжымдық авиациялық күштер туралы жоба туралы бастама еліміз ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен 2012 жылы көтерілгендігін атап өткен жөн.

ҰҚШҰ төрағалығыныӊ Ресей Федерациясынан Тәжістан Республикасына ауысуына байланысты бүгінгі таӊда Ауғанстан мен Таяу Шығыста қалыптасып отырған күрделі жағдайды ескере отырып, ұйымға мүше мемлекеттердіӊ бірлескен іс-қимылдарын жетілдіруге ерекше көӊіл бөлінетін болады.

Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылдан бері әрекет етеді. Бүгінгі таӊда оныӊ құрамына Қазақстан қосылған алты мемлекет кіреді. Біздіӊ еліміз өӊіраралық қауіпсіздік жүйесін әрі қарай нығайтуды, әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимылды белсенді түрде қолдап келеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны