08.06.2011, 19:06 3663

Мәжіліс АЭА туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы Қазақстан Президентінің былтырғы жылғы Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Ол Жолдауда негізінен индустриялдық дамудың басымдықтары мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің жаңа тәсілдерін ескере отырып, арнайы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеу тапсырылған болатын. Осыған орай әзірленген заң жобасының негізгі мақсаты еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарды басқару тиімділігін арттыру, резиденттер үшін салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларға кепілдіктер беру болып табылады. Арнайы экономикалық аймақтарда рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту шаралары да көзделеді.

Астана. 8 - маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы Қазақстан Президентінің былтырғы жылғы Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Ол Жолдауда негізінен индустриялдық дамудың басымдықтары мен арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуінің жаңа тәсілдерін ескере отырып, арнайы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеу тапсырылған болатын. Осыған орай әзірленген заң жобасының негізгі мақсаты еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарды басқару тиімділігін арттыру, резиденттер үшін салық заңнамасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, оларға кепілдіктер беру болып табылады. Арнайы экономикалық аймақтарда рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту шаралары да көзделеді.

Бұдан бөлек, заң жобасымен жекелеген компаниялар-операторлар мен аймақтар әкімшіліктерінің орнына Үкімет, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтарды басқару тәжірибесі бар заңды тұлғаларды олардың құрылтайшылары бола алатын акционерлік қоғамдар нысанындағы басқарушы компаниялар құру мәселелері көзделеді. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақтың аумағында "бір терезе" қағидаты бойынша қызметтер көрсету тетігі енгізіледі.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізген болатын. Атап айтқанда, Астананың ерекше мәртебесін ескере отырып, сондай-ақ "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы басқару органының тиімді жұмыс істеуінің нәтижелерін ескере отырып, депутаттар мемлекеттік басқару жүйесін жергілікті атқарушы орган құзыретінде қалдыруды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны