21.09.2011, 13:30 3276

Мәжіліс діни қызмет және діни бірлестіктер жөніндегі заң жобасын мақұлдады

Заң жобасы діни бірлестіктерді тіркеу мәселелерін, дінтану сараптамасын жүргізу негіздері мен тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіреді және жекелеген ұғымдарды нақтылайды.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер туралы заңнамасын діни бірлестіктер қызметі мен жеке тұлғалардың діни қызметінің негізгі бағыттарын құқықтық реттеу жолымен жетілдіру болып табылады", - делінген Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қорытындысында.

Заң жобасы діни бірлестіктерді тіркеу мәселелерін, дінтану сараптамасын жүргізу негіздері мен тәртібін заңнамалық тұрғыдан реттеуді жетілдіреді және жекелеген ұғымдарды нақтылайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны