10.10.2012, 16:34 3253

Мәжіліс заңды тұлғаларды мемлкеттік тіркеу жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Құжаттың мақсаты заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құруды және олардың қызметін жеңілдету болып табылады. Заң жобасын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастыратын болады. Бұдан бөлек, құжат елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуды да көздейді. Осының өзі халықаралық ұйымдар рейтингісінде Қазақстанның позициясын жоғарылатуға сеп болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір зңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжаттың мақсаты заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін құруды және олардың қызметін жеңілдету болып табылады. Заң жобасын қабылдау оң құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптастыратын болады. Бұдан бөлек, құжат елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызуды да көздейді. Осының өзі халықаралық ұйымдар рейтингісінде Қазақстанның позициясын жоғарылатуға сеп болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал құжаттағы басты жаңалыққа келетін болсақ, онда интернетпен тіркеуді енгізу арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеудің рұқсат беру тәртібін хабарлама тәртібіне көшіру көзделеді. Куәліктің қағаз түрлері электрондық анықтамаға ауыстырылады. Шаруашылық серіктестіктері жарғыларын ұсынады және заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжатты жою шаралары да көзделеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны