14.04.2017, 23:46 5936

Мемлекет басшысы Молдова Республикасыныӊ Президенті Игорь Додонмен кездесті

Мемлекет басшылары әӊгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтыӊ перспективалы бағыттарын талқылады.

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Республикасыныӊ Президенті Игорь Додонмен кездесті,- деп хабарлайды Ақорда.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊес отырысына қатысу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Молдова Президенті И.Додонмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары әӊгімелесу кезінде Қазақстан мен Молдова арасындағы ынтымақтастықтыӊ перспективалы бағыттарын талқылады.

Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалар екіжақты ынтымақтастықтыӊ басымдығы бар бағыттары ретінде атап өтілді.

Кездесуге Молдова жағы бастамашы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны