03.02.2016, 15:00 3720

Мемлекет басшысыныӊ төрағалығымен Сыртқы істер министрлігініӊ кеӊейтілген алқа мәжілісі өтті

Алқа мәжілісініӊ негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздіӊ шет елдердегі мекемелерініӊ қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Алқа мәжілісініӊ негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздіӊ шет елдердегі мекемелерініӊ қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Отырыста "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне шет мемлекеттердіӊ кеӊ ауқымда қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар да талқыланды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Алқа мәжілісінде Қазақстан Президенті сыртқы саясат ведомствосыныӊ алдына бірқатар жаӊа міндет қойды және нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы министрліктіӊ ширек ғасыр бұрын, ел үшін күрделі уақытта құрылғанын атап өтті.

Бүгінде республикамыз әлемніӊ 169 мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатты. Шетелде 60 елшілік пен дипломатиялық өкілдік жұмыс істейді, олар 94 елді қамтиды. Қазақстанда өзге елдер мен халықаралық ұйымдардыӊ 50-ден астам дипломатиялық миссиялары бар. Отандық дипломатия арқылы көптеген жаһандық өлшемдегі сыртқы саяси бастамалар жүзеге асырылды. Қазақстан тұӊғыш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшесініӊ орнына үміткер болып отыр. Осыған байланысты достық қарым-қатынастағы елдердіӊ қолдауына үміт артамыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті отандық дипломаттардыӊ үлесін атап өтіп, оларға елдіӊ Тәуелсіздігін нығайтуға, сыртқы саясатты дамытуға бағытталған жұмыстары үшін алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанныӊ ТМД, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕАЭО сияқты маӊызды халықаралық бірлестіктердіӊ бастамашысы болғанын айтты. Сонымен қатар республикамызда осы ғасырда бірінші рет ЕҚЫҰ саммитін және ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеӊесініӊ 38-сессиясы өткізілді.

Осыныӊ бәрі біздіӊ үлесімізге тиді. Аталған іс-шараларды өткізу еліміздіӊ атын халықаралық аренада танытты. Сонымен бірге алда тұрған міндеттердіӊ маӊызы да бұлардан кем емес. Сондықтан, атқарылған шаруаны бағалай отырып, алдағы қадамдарымыз туралы ойлану керек, - деді Мемлекет басшысы.

Алқа барысында Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов сөз сөйлеп, ведомство елдіӊ сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мүдделерін одан әрі ілгерілетуге, Қазақстанныӊ халықаралық беделін жүйелі түрде нығайтуға және шет ел мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға барынша күш салуға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрі И.Исекешевтіӊ, "Астана -2017" Ұлттық компаниясы" АҚ басқармасыныӊ төрағасы А.Есімовтіӊ, сондай-ақ Қазақстанныӊ бірқатар елдегі елшілерініӊ баяндамалары тыӊдалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны