05.10.2021, 19:59 45308

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты.
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАЗАН - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозерді еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтуге қосқан үлесі үшін америкалық дипломатқа алғыс айтты.
 

АҚШ-тың елшісі ретінде атқарған қажырлы еңбегіңізге ризашылығымды білдіремін. Құрама Штаттар – Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаш боп мойындаған елдердің бірі. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз", – деді Президент.

 
Мемлекет басшысы достас екі ел халықтарының игілігі жолында Қазақстанның АҚШ-пен арадағы конструктивті ынтымақтастығын кеңейтуге бейілді екенін нақтылады.
 
Уильям Мозер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Сонымен қатар америкалық дипломат Вашингтонның Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ниетті екенін жеткізді.
 
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастыққа және аймақтық күн тәртібіне, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
 
Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Мозерге алғыс төсбелгімен бірге табыс етіп, алдағы дипломатиялық қызметіне жетістік тіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны