27.11.2023, 20:35 29191

Мемлекет басшысы AD Ports Group компаниясының басқарушы директорын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп
Мемлекет басшысы AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры Мұхаммед Жуму әл-Шамисиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ақтау және Құрық порттарын дамытуды Қазақстан стратегиялық мақсат етіп отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Жуму әл-Шамиси AD Ports Group компаниясының көлік-логистика саласындағы бай тәжірибесін ескере отырып, осы саладағы өзара тиімді қарым-қатынастың перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұнайын Орта дәліз арқылы Әзербайжанға тасымалдау жөніндегі "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен AD Ports Group арасындағы ынтымақтастықты оң бағалады.

Президент Еуразияны Шығанақпен, Африкамен және Үндістанмен байланыстыратын "Солтүстік - Оңтүстік" бағдарының әлеуетін пайдалану жоспары туралы айтты. Оның пікірінше, 2027 жылға қарай аталған бағыттың жүк өткізу қабілеті кемінде 70 пайызға артып, 9 миллион тоннадан 15 миллион тоннаға дейін ұлғаюға тиіс.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан темір жолы" мен AD Ports Group арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі уағдаластықты ерекше атап өтіп, бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестік білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны