07.01.2020, 09:15 11436

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Конфессияаралық келісім - мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Алматы. 7 қаңтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы.

"Қымбатты қазақстандықтар!

Еліміздің православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Тарихы көне ғасырлардан бастау алатын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құндылықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға шақырады.

Конфессияаралық келісім - мемлекетіміздің табысты дамуының маңызды факторларының бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркендетіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуелсіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз халқымыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қажырлы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!".

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны