11.06.2009, 18:44 3185

Мемлекет тарапынан жасалған іс-қимылдың арқасында тау-кен өндірісі кәсіпорындары дағдарыстан мейлінше аз зардап шекті - президент

Мемлекет тарапынан жасалған іс-қимылдың арқасында тау-кен өндірісі кәсіпорындары дағдарыстан мейлінше аз зардап шекті - президент

Рудный. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет тарапынан жасалған іс-қимылдың арқасында тау-кен өндірісі кәсіпорындары дағдарыстан мейлінше аз зардап шекті. Бұл туралы бүгін Рудный қаласында "Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамының жылу энергия орталығының энергоблогы жұмысшыларының алдында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Мемлекет өз тарапынан қосылған құнды төмендетіп, теңгені құнсыздандырды. Онда табылған ақшаның ел ішінде жақсы жұмыс істеу мақсаты көзделді. Ел бойынша қолға алынған осындай шаралардың арқасында тау-кен өндірісі кәсіпорындары дағдарыстан ең төмен шығынмен шығып келеді", - деді Н. Назарбаев.

"Қытай Халық Республикасында мен елімізден жіберілетін кен көлемін ұлғайта түсуге келістім. Бұл да қазір пайдасын тигізуде", - деді ол.

Президент дағдарысқа қарамастан, жаңа нысандар іске қосылып, "металлургия саласы еліміздегі басымдықтағы саланың бірі ретінде қалып отырғанын" атап өтті.

"Біз жаңадан 26 нысанды іске қосамыз", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны