01.09.2006, 13:36 3331

Мемлекеттік қызметкердің жалақысы оның кәсіби шеберлігі мен жұмыс тиімділігіне байланысты болмақ - президент

АСТАНА. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы үкіметке мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын олардың нақты еңбек нетижесін ескеру негізінде сатылы түрде көтеру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын олардың нақты еңбек нетижесін ескеру негізінде жеке меншік сектордан кем түспейтін мөлшерге дейін сатылы түрде көтеру жөнінде ұсыныстар енгізуге тиіс",- деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында.

"Мемлекеттік мекемелер мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілуге және жалақы көлемі оның кәсіби шеберлігі мен жұмыс тиімділігіне байланысты болуға тиіс",- деп пайымдайды президент.

Н.Назарбаев мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жасауға тапсырма берді.

"Саяси мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін рейтингтік негізде бағалау нәтижесіне сәйкес жылдық бонус төлеу жүйесін енгізу керек",- деді Елбасы. Президент осы орайда "тоқсан сайын не үшін екені белгісіз берілетін сыйлықтарды жоюға" тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны