17.11.2020, 16:57 86333

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру туралы

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қызмет көрсету процестері қоғамдық өкілдермен бірге талқылануда.

Алматы. 17 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру туралы

ҚР ЦДАӨМ желісі бойынша

Жылдан жылға электрондық түрде көрсетілетін қызметтер саны ұлғаюда.

Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімінде 700-ке жуық қызметтер бар, олардың 85,5%-ы онлайн. Біздің мақсатымыз - биыл осы көрсеткішті 90 пайызға жеткізу.

Осы кестеде қызметтерді электрондық түрге көшіру жөніндегі мемелкеттік органдармен атқарылған жұмыстың қазіргі жағдайы көрсетілген. Әлі де тиісті көрсеткішке жете алмағандар бар. Осы жұмысты уақтылы аяқтау қажет.

Қызметтер көрсетілу сапасын бақылау - Мемлекеттік істер агенттігінің құзыретінде. Олар жүргізген Қоғамдық мониторинг нәтижесін қарасақ, еліміздің аумақтарында халықтың мемлкеттік қызметтермен қанағатану деңгейін көтеру қажет екені айқын.

Ол үшін алдымызға қойылатын бірқатар ашық мәселер бар.

Мысалы, мемлекеттік қызметті алу үшін халық әлі де тікелей мемлекеттік орган немесе әкімдікке жүгінеді. Осындай қызметтер саны - 200ден астам.

Мәселені талдау үшін Бас Прокуратурамен бірлесіп халықтан келіп түскен өтінішерді зерттеп алдық. Нәтижесінде 2 млн-нан астам өтініштердің 30%-ы мемлекеттік қызметтерді алу жөнінегі сұраныстар болып шықты.

Осы қызметтер қарапайым өтініш ретінде қарастырылады. Яғни ЦОНдарға қарағанда мерзімдері де бұзылады, өйткені бақылауға арналған ақпараттық жүйеге кірмейді. Және де жеке қарым-қатынас кезінде сыбайлыс жемқорлық тудырылуы мүмкін.

Осы мәселені шешу мақсатында барлық қызметтерді баламасыз тек ЦОНдарда немесе Электронды түрде көрсету қажет деп шешім қабылдауды ұсынамыз.

Келесі мәселе - Еговта 600ге жуық қызметтер бар. Сервистер санының көптігіне байланысты, әр қызметті, адамдардың ойларынан шығатындай қылып ыңғайлы жасау, өте қиын мәселе.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес онлайн қызметтерді басқа да танымал интернет-платформаларға шығару қажет деп шештік. Енді Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу Каспий.кз, Халықбанк, Альфабанк және Сбербанк қосымшаларында да қолжетімді, басқа да кең таралған қызметтерді шығару жоспарлануда.

Біз проблемаларды Парето қағидаты - 20 да 80 принципі бойынша шешу тәсілін қолданудамыз. Атап айтқанда халықпен көп талап етілетін қызметтерді оңтайландыруын жүйелі түрде жүргіземіз.

Мысалы, Мамандырылған ЦОНдарға жыл сайын 3 млн-нан астам халық жүгінеді. Үлкен кезектер болып жатады. Азаматтар автокөлікті тіркеу қызметі онлайн болса да, ЦОНға тікелей келіп бірнеше сағат уақыттарын жұмсайды.

Ал Жаңа процесс бойынша Сатып алушы көлік сататын адамның шотына ақша аударғанда, көлік иесі автоматты түрде өзгереді.

Дәл бүгін осы ыңғаайлы сервисті пилоттық режимде Каспий.кз мобильдік қосымшасына шығардық.

Ал кредитке алынған көліктерді тіркеу бойынша Халық және Сбер банктерімен жұмыс істеудеміз.

Осылай, Мамандырылған ХҚКО-ларда тек жүргізуші куәлігін алу қызметі қалады. Өйткені автодромда емтихан тапсыру қажет. Бірақ, қазіргі уақытта автодромдар Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарында жоқ.

Қоғамның шағымдарын талдадық. Қарапайым халық үшін Еговқа көшудің басты қиындығы, ол ЭЦҚ-ны орнату, Мобильдік базада тіркелу болып табылады.

Осы тетікті шешу мақсатында порталда биометрия арқылы тіркелу мүмкінігі іске асырылды. Енді егов пайдаланушысы болу үшін смартфонды алдыңызға қойып өз келбетіңізді көрсету жеткілікті. Қазір осы механизм тестілеуде, ағымдағы айдың соңына дейін іске қосамыз.

Көп талап етілетін құжаттарды EgovMobile қосымшасына цифрлық түрде шығарамыз. Цифрлік құжаттар сервисіне жеке куәліктен басқа жүргізуші куәлігі мен дипломды шығардық. Осындай құжаттар түрі әрі де көбейеді.

Жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтамалар түрін беруді алып тастау жоспарлануда. Азамат қажет мәліметтерімен тікелей телефоны арқылы, анықтаманы сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп мессенджерлер арқылы ұсынатын болады.

Онлайн қызметтер әрқашанда қолжетімді болуы тиіс.

Бүгінгі таңда еговта қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйелер мен 1500-нан астам интеграциялар жұмыс істейді.

Яғни егов ол тек қана беткі жағы, бірыңғай терезе сияқты.

Мемелекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қабылеттілігін 99 да 99 пайызға дейін көтеру қажет. Бұл өте маңызды!

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында қызмет көрсету процестері қоғамдық өкілдермен бірге талқылануда.

Мысалы Тұрғылықты жерді ауыстырған кезде әскери есеп жөнінде военкоматқа бару қажеттілігін алып тастау шешілді. Бұрын бұл талапты бұзған кезде айыппұл да рәсімделген.

Жылжымайтын мүлікті ипотекаға сатып алған кезде кепілді түркеу қажет. Бүгін сол үшін Банктен құжаттарды алып, ЦОНға жеткізу керек. 3 күн өткесін ЦОНнан құжаттарды алып қайта банкке апарғасын ғана ипотека беріледі.

Осы бюрократияны шешу үшін мысал ретінде Блокчейн технологиясын қолданып Форте банкпен бірге осы қиын процесті автоматтандырдық.

1414 Коллцентрі үлкен жүктеме кезінде халықтың наразылығын туғызады.

Біз сапалы кеңес көрсету үшін ЦОНдардың 2000 операторларын осы жұмысқа қостық.

Және де байланысты күту уақытын азайту үшін жасанды интеллекттің элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгооритмдерін енгіземіз.

Халыққа жағымды басқа да жаңа ұсыныстарды енгізудеміз.

Мысалы, Дайын құжаттар ЦОН қызметкерлерімен жеткізілуде.

Тағы да мысал. Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас, ЦОНдардан да жеке операторларды офиске шақыртып қызмет алуға болатын механизмді іске қосамыз.

Ауылдарға Интернет жеткізу жобасы шеңберінде операторлармен келісіп 1200 ауылда Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін арнайы киосктер орнатамыз. Олар арқылы аудан әкіміне, ЦОНға, денсаулық сақтау мекемелеріне видеобайланыс арқылы жүгінуге болады.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі жылы алдымызға слайдта көрсетілген мақсаттарға жету көзделген.

Бұл ең алдымен халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен

ҚР ЕХӘҚМ желісі бойынша

Әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрін көрсету көзделген, оның 38 қызметі (86%) электрондық түрде көрсетіледі, ал оның ішінде, 18-і (41%) проактивті түрде, яғни азаматтың қатысуысыз автоматты түрде тағайындалатын төлем, не қызмет.

Ағымдағы жылы барлығы 9,5 млн. қызмет көрсетілді. Жыл аяғына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшірілетін болады және 2022 жылы 93%-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау процестерін толық цифрландыруды тапсырған болатын.

Бұл жұмыстың негізгі бағыты - мүмкіндігінше барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру - яғни қызмет көрсету бастамашысы азамат емес, мемлекет болады.

Барлық қажетті мәліметтер, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл жолымен қалыптасады. Азамат тек қызметтерді алуға келісім ғана беруі қажет болады.

Проактивті қызмет түрі - қызметті берушімен алушының байланысын болдырмайды, қызмет көрсету уақытын барынша қысқартады, қағазды құжаттарды жинаудың және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатысу қажеттілігін жояды.

Мысалы, бұған дейін көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші қағаз түріндегі қажетті құжаттарымен Мемлекеттік корпорацияға жүгінетін. Ол үшін алдын - ала сол құжаттарды алу үшін бірнеше ұйымдарға барып, уақытын кетіретін.

Ал бүгін, осы процесті автоматтандыру нәтижесінде, біздің Министрліктің жүйесіне, басқа ақпараттық жүйелерден қажетті жеке тұлға және балалардың туылуы мен саны туралы мәліметтер проактивті түрде түседі.

Сол мәліметтер негізінде, біз автоматты түрде жәрдемақыны тағайындап көпбалалы анаға ол туралы SMS-хабарлама ғана жібереміз.

Жұмыспен қамту саласында Электрондық еңбек биржасы мүмкіндіктерін кеңімен пайдалану көзделеді.

Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам, жұмыспен қамту орталығына барып, кезекте тұрып, тиісті жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерлерімен байланыс жасасуға мәжбүр. Егер жұмыс табылмаса жұмыссыз ретінде тіркелу қажет және жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлем алуға жеке өтініш беру қажеттілігі тағы бар.

Ендігі кезде, барлық жұмыспен қамту шаралары, құралдары, вакансиялар Электрондық еңбек биржасында қалыптасатын болады. Электрондық еңбек биржа порталы жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде вакансияларды, "Еңбек" бағдарламаның құралдарын ұсынатын болады. Яғни шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды.

Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді де, оған тиісті жұмыссыздықа қатысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп тағайындайды.

Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес - процесін жеңілдетіп, біз "цифрлық" жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз.

Келесі іске асырылып жатқан үлкен цифрлық жоба - ол мүгедектікті сырттай белгілеу жүйесі.

Бүгінде өтініш беруші төрт түрлі органға жүгінуге мәжбүр.

?Біріншісі, емханаға - тексеруден өту үшін;

?Екіншісі, медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне - мүгедектікті белгілеу үшін;

?Үшіншісі, әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын тағайындаған кезде - жергілікті атқарушы органдарға;

?Төртіншісі, жұмысқа орналасу мәселесімен - жұмыспен қамту орталығына бару.

Осы қызмет толық автоматтандырылғаннан кейін өтініш беруші тек емханаға тексерілуге баруы жеткілікті болады. Ал осы қызметтің басқа сатылары, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы проактивтік түрде іске асырылады.

Осылай мүгедектігі бар адамдарға қызметті пайдалану уақыты едәуір қысқарып, қызметтер кешенді және проактивті түрде көрсетілетін болады.

Сонымен бірге, азаматтырдың әлеуметтік мәртебесі мен құжаттарды цифрлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінге бізде азаматтың әлеуметтік саласындағы барлық деректері бір жерге жиналған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін зейнеткердің, мүгедектігі бар адамның, атаулы әлеуметтік көмек алушының, жұмыссыздың, көпбалалы ананың, қандастың мәліметтері "электрондық үкіметтің" мобильді қолданбасындағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

Аталған жобаны іске асыру қағазды құжаттардан бас тартуға және азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ әлеуметтік мәртебесін растауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта жоғарыда аталған қызметтердің бизнес-процестерін толықтай цифрлау үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе келесі жұмыстар атқарылады:

- денсаулық сақтау жүйесінде - 088/у анықтамасы, денсаулық паспорты, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, техникалық оңалту құралдарын таңдау параметрлері бойынша мәлеметтерді цифлау;

- мұрағаттық мәліметтер бойынша - еңбек өтіліне қатысты құжаттардың, 2008 жылға дейінгі азаматтық хал актілердің, ертедегі, білім жөніндегі дипломдардың цифлық нұсқаларын жасау, тағы басқа жұмыстар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны