22.05.2015, 14:18 3827

Н.Назарбаев Астанадағы "Жасыл квартал" ,"Талан Тауэр" және "Ибу-Даби Плаза" құрылыс кешендерінде болды

"Ибу-Даби Плаза" кешені - түрлі мақсаттағы блоктардан құралған көпфункционалды зәулім ғимарат. Атап айтқанда, оған кеӊселер, қонақ үй және тұрғын үй кешені кіреді. Құрылыстыӊ жалпы ауданы - 500 мыӊ шаршы метр.

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы көпфункционалды "Талан Тауэр" және "Ибу-Даби Плаза" кешендерініӊ құрылыс алаӊында, сондай-ақ "Жасыл квартал" тұрғын үй кешенініӊ таныстыру бөлмесінде (шоу-рум) болды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елбасы жүргізіліп жатқан жұмыстардыӊ барысымен танысып, нысан құрылысшыларымен әӊгімелесті. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Талан Тауэр" көпфункционалды кешені жобасына 157 орындық қонақ үй, ауданы 8300 шаршы метр сауда галереясы, А сыныпты бизнес-орталық және тұрғын жайлар кіреді. Нысан құрылысына 40-тан аса мердігерлік ұйым тартылған. Мұнда Қазақстанда бірінші рет "жасыл" технологиялар - "жасыл" шатыр, энергия тұрғысынан тиімді лифтілер, энергия сақтаушы әйнектер, жаӊбыр суын қайта пайдалану қондырғысы қолданылады, паркинг және электромобильдерге арналған зарядтаушы стансалар, арнаулы орындар, велосипедшілерге арналған киім шешетін және жуынатын орындар болады.

"Ибу-Даби Плаза" кешені - түрлі мақсаттағы блоктардан құралған көпфункционалды зәулім ғимарат. Атап айтқанда, оған кеӊселер, қонақ үй және тұрғын үй кешені кіреді. Құрылыстыӊ жалпы ауданы - 500 мыӊ шаршы метр.

"Жасыл квартал" кешені жобасы энергия сақтаудыӊ жаӊа технологияларына негізделген. 20 гектардан астам аумақта көпқабатты үйлер, кеӊсе ғимараттары, паркинг, сондай-ақ субтропикалық микроклиматы, экзотикалық дендросаябағы бар шағын көл, биокүмбезді мәдени және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу жоспарланған.

Мұнда суғарылмайтын ландшафт жүйесі, "қалдық суды" коммерциялық ғимараттарда қайта пайдалану, қоқысты орталықтандырылған жинау жүйесі, "ақылды" автотұрақ жүйесі, велокөліктерді қоюға арналған орындар, елдегі электрмен зарядтайтын алғашқы толыққанды станса қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны