03.02.2021, 17:35 8134

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова 2021 жылғы 2 ақпандағы "Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), митингілер, шерулер, жиындар және т.б. өткізуге тыйым салынады.
 
Міндетті түрде 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке тәртіппен және 5 адамнан аспайтын топпен тек ашық ауада спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат беріледі.
 
Бір отбасы мүшелерінен немесе 3 адамнан аспайтын топтардан басқа, табиғатқа экскурсиялық, корпоративтік, топтық шығуларды ұйымдастыруға және қаланың көрікті жерлеріне шолу жасауға тыйым салынады.
 
Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% -ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіріледі.
 
Қалалық қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас сағаттарда автобустар санының ұлғаюымен, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен салонды өңдеу, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып және жолаушылар мен жүргізушілердің бетперделерді киіп жүруі) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады.
 
Діни бірлестіктер объектілерінің жұмысы (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) жұмыс күндері және демалыс күндері бір келушіге кемінде 5 шаршы метр және 30%-дан аспайтын толтырумен қамтамасыз ете отырып, бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге және оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен ұйымдастырылады.
 
ХҚКО жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, "EgovKZBot 2.0" тelegram-ботпен брондау арқылы жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Денсаулық мектептеріне баруды 5 адамнан аспайтындай етіп ұйымдастырумен, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінің жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып штаттық режимде ұйымдастырылады. Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың (косметологиялық қызметтерді көрсетуге тыйым сала отырып), стоматологиялардың жұмысы қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады.
 
Әр сыныпта 15 балаға дейін жинақтаумен жұмыс істеуге рұқсат етілетін жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушылары мен халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін, кезекші сыныптардан басқа, ағымдағы оқу жылында меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысы, қатаң түрде ата-аналарының өтініштері бойынша онлайн-оқыту режимінде ұйымдастырылады. Мектепке баратын балалар немесе қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін мектептердің карантинге жабылуы қамтамасыз етіледі. Ағымдағы оқу жылының III тоқсанынан бастап меншік нысанына қарамастан білім беру объектілерінің жұмысын ұйымдастыруды жалпы білім беретін (9 және 11 сыныптар) және халықаралық (10 және 12 сыныптар) мектептердің бітіруші сыныптары үшін, қатаң түрде ата-аналарының өтініші бойынша, сыныпта 15 балаға дейін жинақтау кезінде жұмысына жол берілетін аралас оқыту режимінде (пәндердің 70% - дәстүрлі форматта, 30% - қашықтықтан) қамтамасыз етіледі. 
 
Балаларды дамыту орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, білім беру орталықтарының жұмысы (10 адамға дейінгі топтарда алдын ала жазылу бойынша) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс және сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және жексенбі күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі.
 
Аниматроникстер, океанариум театрларының жұмысы қатаң түрде галереялар/музейлер типі бойынша жұмыс режимінде әр аймаққа бір уақытта 10 келушіден артық емес, бір келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен, театр қойылымдарын өткізуге тыйым сала отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеумен ұйымдастырылады.
 
Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, ғимараттардың ішінде 30-дан аспайтын отыратын орынның толуы бойынша шарттарды сақтаған жағдайда, бір үстелде 4-6 адамнан аспайтын отыру мен көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін келушілердің тамақтану залында болуына тыйым салумен, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін белгілей отырып, жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері сағат 7:00-ден 23:00-ге дейін болатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда, авто-экспресстің және тамақты жеткізу жұмыстары штаттық режимде ұйымдастырылады. 
 
Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. 
 
Жабық азық-түлік базарлардың жұмысы санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейте отырып, бір келушіге 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30% -нан аспайтын толымдылығын сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастырылады. Осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салынады.
 
Жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы бір келушіге 4 шаршы метр есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған жағдайда, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен және жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастырылады.
 
Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысы, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады.
 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпанда Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда карантиндік шаралар туралы жаңа қаулыға қол қойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны