15.07.2021, 19:08 18417

Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы жаңа қаулы қабылданды

Қала тұрғындары мен қонақтарына бұқаралық іс-шаралар өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында "Құрбан айт" мұсылман мерекесін тойлау күндеріндегі шектеу іс-шаралары туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қол қойылған құжатқа сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына "Құрбан айт" мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынады.
 

Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде "Айт намазы" ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады", - делінген елорда санитарлық дәрігерінің қаулысында.

 
Сонымен қатар, құрбандық шалу рәсімін онлайн режимінде (qurban2021.kz сайты арқылы) күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы бөлінген орындарда (сою пункттерінде) ұйымдастырылады және өткізіледі.
 
Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
 
Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны