14.01.2022, 16:04 61091

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің жоғары деңгейі белгіленді

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің жоғары деңгейі белгіленді
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАҢТАР - Нұр-Сұлтанда 13 қаңтардан бастап террористік қауіптіліктің жоғары, "қызғылт сары" деңгейі белгіленген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Терроризмге қарсы орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығының талаптарына сәйкес Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб басшысының шешімімен 2022 жылғы 13 қаңтардан террористік қауіптіліктің қалыпты ("сары") деңгейі Нұр-Сұлтан қаласы аумағына 14 тәулікке белгіленеді", - делінген ҚР Терроризмге қарсы орталығының сайтында жарияланған хабарламада.

 
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабы құқық қорғау органдар жұмыстарына түсіністікпен қарауды және олардың заңды талаптарын сақтауды сұрайды.
 
Сонымен қатар, "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығының талаптарына сәйкес терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтар басшыларының шешімдерімен 2022 жылғы 13 қаңтардан террористік қауіптіліктің қалыпты ("сары") деңгейі ел өңірлерінің келесі аумақтарында:
 
- Солтүстік Қазақстан облысында 14 тәулік мерзімге;
 
- Павлодар облысында 10 тәулікке;
 
- Ақмола облысында ерекше өкім шыққанға дейін белгіленеді;
 
- Қарағанды облысы Балқаш қ. 14 тәулікке.
 
2022 жылғы 14 қаңтардан Батыс Қазақстан облысына террористік қауіптіліктің қалыпты "сары" деңгейі 14 тәулікке енгізіледі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны