07.04.2022, 15:02 23206

Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды

Нұржігітов бұл қызметте Бердібек Сапарбаевты ауыстырды.
Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды
Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
ТАРАЗ. 7 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұржан Нұржігітовті Жамбыл облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген ҚР Президентінің Жарлығында.

 
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары. 
 
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
 
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. 
 
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 
 
2019 жылдың тамыз айынан 2021 жылдың сәуір айына дейін Байзақ ауданының әкімі қызметін атқарды.
 
2021 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 
 
Нұржігітов бұл қызметте Бердібек Сапарбаевты ауыстырды.
 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі лауазымынан босатылды", - деп хабарлайды Ақорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны