08.09.2023, 17:02 50091

Неміс компаниясы Ақтөбе қаласының әуежайында мультимодальды хаб құру жобасын іске асыруға мүдделі

Неміс компаниясының өкілдері Ақтөбе қаласының жаңа әуежайын салу және басқару жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысу үшін 500 млн.доллар инвестициялау ниеті туралы хабарлады
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың "The Hansa Consortium" неміс компаниясының басшылығымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Gov.kz.

Компания авиациялық терминалдар мен құрылыстарды, авиациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстарға, отын кешендерін салу жобаларына маманданған, Шереметьево (Ресей), Кербала (Ирак), Кветта (Пәкістан) сияқты халықаралық әуежайлардың авиациялық терминалдары мен құрылыстарын жаңғырту жобаларына, БАӘ, Сауд Арабиясы және Филиппинде отын кешендерін салу жобаларына қатысқан.

Неміс компаниясының өкілдері Ақтөбе қаласының жаңа әуежайын салу және басқару жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысу үшін 500 млн.доллар инвестициялау ниеті туралы хабарлады.

Инвестициялық ұсыныс ретінде компания Ақтөбе әуежайы базасында өңірлік мультимодальды хаб, авиациялық техникалық орталық құруды, жолаушылар мен жүк ағындарының көлемін айтарлықтай арттыруды, жаңа жұмыс орындарын ашуды ұсынады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған жоба бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны