07.06.2021, 22:39 19445

Нидерландының Бас прокуроры Стати ісі бойынша шешімнің күшін жоюды ұсынады

НҰР-СҰЛТАН. 7 МАУСЫМ - 2021 жылғы 4 маусымда Нидерланд Жоғарғы Соты жанындағы Нидерландының Бас прокуроры Қазақстанның Статиге қарсы қаралып жатқан аппеляциясы қанағаттандырылуы және Амстердам Апелляциялық сотының Статимен алынған төрелік шешімнің орындалуы туралы (экзекватура) 2020 жылғы шілдедегі шешімінің күші жойылуы тиіс деген пікір білдірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Бас прокурордың негізгі уәждерін келтіреді, олар мынадай:
 
  •  тиісті емес голланд соты экзекватура туралы Статидің өтініші бойынша шешім қабылдағанына байланысты юрисдикциялық аргумент негізінде Жоғарғы сотқа апелляция рұқсат етіледі;
  •  Қазақстан 2017 жылы іс басталған кезде мәлімдегендей, Статидің өтінішін Амстердамның апелляциялық соты емес, Амстердамның аудандық соты қарауы керек еді;
  •  Стати бұл айырмашылық маңызды емес деген мәлімдемесі қате, себебі "абсолютті юрисдикция ережесі" "қоғамдық тәртіп" мәселесі болып табылады.
 

Амстердам округтік сотындағы жаңа іс талқылауы Қазақстан Республикасының сәтті кассациялық шағымынан кейін ұзаққа созылған істі дамыту үшін шешуші болуы мүмкін. Себебі, алаяқтықтың елеулі дәлелдемелерін болдырмау үшін Стати Амстердам апелляциялық сотындағы талқылаудың материалдарымен манипуляция жасағанын Қазақстан аша алады", - деп бөлісті ведомствоның баспасөз қызметінде.

 
Колумбия университетінің профессоры Джордж Берманн атап өткендей, Стати Амстердам апелляциялық сотына 2016 және 2019 жылдары КПМГ мен Стати арасындағы хат-хабарларға қатысты "жаңылыстыратын" мәлімдемелер жасады.
 

2016 жылғы хат-хабарда КПМГ "қаржылық есептіліктің дұрыстығына күмән келтірді және Стати тарабы Қазақстан атап өткен алаяқтыққа қатысты КПМГ сұрақтарына жауап беруден бас тартқанын" көрсетті. 2019 жылғы хат-хабарда КПМГ Қазақстан ұсынған Статидің алаяқтық дәлелдемелерін және "өзінің жұмыс құжаттарын" "тәуелсіз бағалауды аяқтағаны" туралы Статиге ақпарат берді. Осы "бағалауға" негізделе отырып, КПМГ Стати компанияларының 2007-2009 жылдардағы қаржылық есептілігі үшін шығарылған аудиторлық есептерді "одан әрі немесе болашақта пайдаланудың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды дереу қабылдау" туралы Статиге жүгінді. Сондай-ақ, КПМГ Статиден "тиісті қаржылық және аудиторлық есептерді алатындардың барлығына... осы оқиға туралы" хабарлауды сұрады. PwC қорытындысы бойынша, Стати мен КПМГ-ның осы хат алмасуы "қаржылық есептіліктегі барлық қаржылық ақпаратқа қатысты өзінің аудиторлық қорытындыларын КПМГ-ның толық "қайтарып алуын" білдіреді", - деп хабарлады Әділет министрлігі.

 
Стати 2016 жылғы да, 2019 жылғы да КПМГ хат-хабарларын Амстердамның апелляциялық сотында ашқан жоқ. Қазақстан мұны тек 2019 жылдың қазан айында, яғни Нидерландыда талқылау жабылған кезде ғана тапты. Қазақстанның бірнеше рет ресми сұрауына қарамастан, Стати материалдарға түзетулер енгізуден және осы маңызды дәлелдемені голландиялық сотқа беруден бас тартты.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың ақпан айында Люксембург кассациялық соты КПМГ дәлелдемелеріне сілтеме жасай отырып, төменгі соттың төрелік шешімді тану туралы шешімін жойды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны