24.02.2009, 17:10 3258

Нұрсұлтан Назарбаев парламент сенатының бір топ депутаттарын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев парламент сенатының бір топ депутаттарын қабылдады

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті сенатының бір топ депутаттарын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар Мұхамбет Көпеев, Ермек Жұмабаев, Рашит Ахметов және Серік Аяғанов Президентті Сенаттың ағымдағы заң шығарушылық жұмысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қазақстан парламентінің сенаты төрағасының орынбасары М.Көпеев мемлекет басшысына депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары және олардың дағдарысқа қарсы мемлекеттің қолға алып отырған шараларын түсіндіру бойынша халықпен жүргізген жұмысы туралы баяндады.

Е.Жұмабаев әңгіме барысында жергілікті өзін-өзі басқаруды заңнамалық реттеу мен оның мемлекеттілікті нығайтудағы және Қазақстандағы халықтық билікті дамытудағы маңызы тақырыбын көтерді.

Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Р.Ахметов кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселелерін қозғады.

С.Аяғанов Елбасына халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарын қолдау, халықты жұмыспен қамту проблемасын шешу жөніндегі кең ауқымды мемлекеттік шараларды жүзеге асыруды заңнамалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы әңгімеледі.

Сенаторлар, сондай-ақ, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, энергия үнемдеуші технологияларға көшуді, баламалы энергия көздерін пайдалануды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны