07.09.2023, 16:10 39861

Оңтүстікте бес күн бойы іздеген 8 айлық сәби табылды

Cәби Талдықорғанда әкесінің туысқандарынан табылған
Талдықорған полицейлері 8 айлық баланы тауып, анасына қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ведомство ақпаратынша, сәби Талдықорғанда әкесінің туысқандарынан табылған. Қазір бала анасының жанында, әйел бейнеүндеуінде ұлын табуға көмектескені үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Сәбидің ендігі тағдырын сот пен қамқорлық органдарының өкілдері шешеді. Баланың әкесі, сот қаулысына сәйкес, әкімшілік қамауда отыр", - деп мәлімдеді облыстық полициядағылар.


Естеріңізге сала кетейік, Жетісу мен Алматы облыстарының полицейлері 8 айлық ұлды бес күн бойы іздеген.

Бала туралы ақпаратты әлеуметтік желіде Немолчи.кз" қорының өкілі Дина Таңсәрі таратты. Автордың сөзінше, баланың әкесі әйелімен жанжалдасып, ұлын туыстарына апарып жасырған.

Әйелі мен енесін ұрғаны үшін ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны