11.04.2008, 14:56 3161

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен ауылдық округ әкімі қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен ауылдық округ әкімі қолға түсті

Шымкент. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Ынтымақ ауылдық округ әкімі пара алды деген күдікпен қолға түсті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметінен хабарлады.

"Ауылдық округ әкімі аудан тұрғынынан жеке баспана тұрғызуға жер телімін беру үшін 95 мың теңге талап еткен", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 8 сәуірде әкім өзінің қызмет бөлмесінде ақша алып жатқан сәтте қылмыс үстінде ұсталды. Қазіргі жағдаймен шенеунік ұсталып, Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны