06.06.2023, 13:03 5471

Ортсайлауком Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенаты депутатын сайлаудың қорытындыларын шығарды

Дауыс беруге Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының 193 депутатынан 180 депутат (93,26%) қатысты
Сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істеді. Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел жарияланды.

Дауыс беруге Солтүстік Қазақстан облысы мәслихаттарының 193 депутатынан 180 депутат (93,26%) қатысты. Сайлау бюллетеніне Сенат депутаттығына 2 кандидат енгізілді.

А.ж. 6 маусымда өткен Ортсайлаукомның отырысында "Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 2 маусымда болған сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы" қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:


- Рауза Ивановна Қасеноваға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 39 дауысы берілді;

- Әсем Қалашбайқызы Рахметоваға дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 134 дауысы берілді;

- "Бәріне қарсымын" белгісі бар бюллетеньдердің саны - 6.

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Әсем Қалашбайқызы Рахметова

2023 жылы 14 қаңтарда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне сайланды.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы


2 маусымда болған сайлаудың қорытындылары туралы ҚР ОСК-ның ресми хабары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны