10.03.2021, 19:34 13379

Қос азаматтық және заңсыз көші-қон: Мәжіліс Қырғызстанмен келісімді мақұлдады

Сонымен қатар, бүгін Палата депутаттары "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау кезінде осыдан бір апта бұрын Қырғыз Республикасының Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келіп, қос мемлекет басшыларының екі елдің аумағы арқылы азаматтар мен көлік құралдарының еркін қозғалысы мен транзиті үшін келісілген шаралар қабылдаудың маңыздылығы туралы айтқанын атап өтті.
 

Бұл заң жобасы екі ел үшін де өте маңызды. Себебі, біздің мемлекеттеріміздің өзара әріптестігі барлық салада өте тығыз. Мысалы, былтыр Қырғызстаннан біздің елімізге 250 мың азамат келген болса, ал, Қырғыз еліне Қазақстаннан 175 мың азамат барған. Мәселені нақтылап айтқанда, елдеріміз арасындағы көші-қон мәселесін дұрыс реттеу үшін осы Келісімді ратификациялап отырмыз", - деді Мәжіліс Төрағасы.

 
Палата Спикерінің айтуынша, аталған Келісімді ратификациялау заңсыз көші-қонға қарсы күресте екі ел ынтымақтастығының, көші-қон процестерін реттеудің, қос азаматтық фактілерінің жолын кесудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
 
 
Құжат нормаларын талқылау барысында депутаттар осы саладағы заңсыз айналым үшін жауапкершілік бөлігінде заңнаманы үйлестіру туралы мәселені көтерді.
 
Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды. Сондай-ақ заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру жөніндегі қызметіне байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
 
Сондай-ақ, Мәжіліс өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелеріне қатысты заң жобасына Сенат енгізген түзетулермен келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны