10.03.2021, 18:52 9284

Қазақстанда бағалы металдардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қайта қаралатын болады

"Бізде тек ғана әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ та, құнды металдарды ұрлау мен олардың заңсыз айналымы төмендемей отыр. Керісінше, олардың саны жылдан жылға өсуде".
Нұр-Сұлтан. 10 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанда бағалы металдар мен тастардың заңсыз айналымы үшін баптар қылмыстық сипаттан арылтылған, ал мысалы, Ресей мен Беларусь елдерінде осындай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне назар аударды.
 

Бізде тек ғана әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірақ та, құнды металдарды ұрлау мен олардың заңсыз айналымы төмендемей отыр. Керісінше, олардың саны жылдан жылға өсуде", - деді Нұрлан Нығматулин.

 
Мәжіліс Төрағасының айтуынша, мысалы, тек "Қазақ Алтын" кәсіпорнында 2015-2020 жылдар аралығында 32 мыңнан астам заңсыз іздеушілер ұсталған. 2019 жылдың ақпан айынан бастап 2020 жылдың қыркүйек айына дейін 5 722 заңсыз іздеуші ұсталып, полицияға тапсырылса, олардың 80%-ы қайтадан қылмыс жасаған. Нұрлан Нығматулин қылмыскерлерге әкімшілік қамау да, айыппұлдар да тосқауыл бола алмай отырғанын алға тарта келіп, заңсыз іздеушілерді айыппұлдармен тоқтата алмайтынымызды тәжірибе көрсетіп отырғанына назар аударды.
 
Мысалы, сарапшылардың бағалауы бойынша бізде заңды түрде өндірілген әрбір 3 тонна алтынға заңсыз өндірілген 1 тонна келеді. 
 
Мәжіліс Төрағасы заңсыз әрекеттерге қарсы түрлі шаралар қабылданып жатқанымен тиісті нәтиже бермей отырғанын айтты. 
 
Осыған орай, құзырлы орган өкілдеріне жазаны күшейтуге қатысты нақты ұсыныстар қажеттігін және ол депутаттар тарапынан қолдау табатынын ескертті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны