29.12.2021, 18:40 35036

Парламент бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады

Заң жобасы мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға бағытталған.
Парламент бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді қабылдады
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 29 ЖЕЛТОҚСАН - Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады.
 
Заң жобасы мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді барынша қысқартуға бағытталған.
 

Аталған заң жобасы 8 желтоқсанда мақұлданды және ол Сенатқа қабылданған 152 позициямен жіберілді. Сенат енгізген түзету нақтылау сипатына ие, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Комитет (Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады", - деді Мәжіліс депутаты Самат Ақышев.

 
Құжатты қарау кезінде депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны