20.09.2006, 17:24 3202

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 29-қыркүйекке белгіленді

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бірлескен отырысы 29-қыркүйекке белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 1-қыркүйегінде сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын",- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен отырыста депутаттар еліміздің төрт конституциялық заңына енгізілетін түзетулердің бес бірдей топатамасын, соның ішінде "Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға парламенттік фракциялардың ролін күшейтетін түзетулер; "Парламент туралы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға депутаттардың құзыреті аясын кеңейтетін түзетулер; "Сайлау туралы" конституциялық заңға сайлау науқаны кезінде митингілер мен шерулер өткізуге тыйым салуды алып тастайтын өзгерістер; "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерңстер мен толықтырулар енгізу туралы талқылау межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны